Елбасы отырған кресло 15 миллионға сатылады

/uploads/thumbnail/20190313115702018_small.jpg

Елбасының Нұр Отан съезінде отырған креслосы сатылымға шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Olx.kz сайтында Елбасының 27 ақпанда өткен Нұр Отан съезінде отырған креслосы сатылымға қойылған. Сатылымға шығарған автордың айтуынша, Елбасы отырған кресло сәттілік пен табыс алып келеді екен.

Сайтта креслоны пост авторы 1,5 миллионға бағалаған. Ал өзін Александр деп таныстырған жазба авторы оны 15 миллионға сататынын айтады.

Кресло

«Елбасы отырған жер киелі болады», - дейді автор. Оның айтуынша, креслоны сатып алған адамның бизнесі дамып, табысы артады екен.

Сондай-ақ, сатылымға шығарған автор бұл кресло жайында өзінің Twitter желісіндегі парақшасында да жазып қойыпты. Белгілі болғандай, Olx.kz сайтында шығарылған жарнама әзіл ретінде болған, ол адамдардың реакциясын тексеріп көрмек болыпты.

Кресло

Енді жазба авторы «Елбасы отырған креслоның» шын мәнінде өзінде жоқ екеніне өкінуде, себебі оған қызығушылық білдіріп, сатып алуға ниет білдірген адамдар жаза бастапты және сол кресло үшін 15 миллион теңгесін қиюға да дайын.

Кресло

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар