Қарағандыда 45 жастағы ер адам тірідей өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20190314110440622_small.jpg

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, нәтижесінде үй қожайыны оттан шыға алмай жанып кеткен. Ал үйде қалған 7 жасар қызды қызыл жалыннан көршісі алып шығып үлгерген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-тің денергін негізге ала отырып. 

Өрттің шыққанын көршілері тек түс ауа байқаған. Өрт сөндірушілер келгенде ендігі баспананың шатыры опырылып ішіне түсіп қалған. Құтқарушылар тілсіз жаумен бір сағаттан аса алысқан. Өрт әбден сөндіріліп біткенде ғана үй ішінен 45 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Мамандар апат пеш жағуда өрт қауіпсіздігінің сақтаулмауынан болуы мүмкін деп отыр.


Көршілерінің айтуынша, баспанада марқұммен бірге оның қарындасы кішкентай қызымен тұрған. Бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды.

7 жасар қызды өрттен құтұарып қалған Сайран Ілгебаев: Кішкентай қыз үйге кіреберісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Түсуге қорқып тұр. Астында от жанып жатты. Қызды көтеріп үйге апарып тастап, қайтып келдім. Екінші рет кіргенде ешкімді таба алмадым.


Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар