Түркістан маңындағы Сталин ескерткіші алынып тасталды

/uploads/thumbnail/20170708180417639_small.jpg

Айдың күннің аманында қайда өмір сүріп жатқанын ұымтқан бәз біреулер Сталинды қайта тірілтбек болған еді. Түркістан қаласы маңында орналасқан Ескі Иқан ауылында жел құлатып кеткен Сталинның ескерткішін ауыл тұрғындарының қайта тұрғызғаны барша қазақтың ашу-ызасын тудырған еді. Бүгін сол ескерткішті қайта бұзып жатқанын түсірген суреттермен фейзбук қолданушылары шүйінші сұрады. Қазақ елінде, қазақ жерінде ұлтымызға генацид жасап, 4 миллион адамды қырған Сталин сияқтыларға ешқандай орын жоқтығын қазақ қоғамы тағы бір дәлелдеді. Қазақтың өр ұлдары мен рухты қыздары намысымызды таптамақ болғандарға дер кезінде лайықты қарсылық таныта алды. «Енді Алашты ешкімнің қорлауына бермейміз» дейтін қазақтар барда тарихымызға ешкім тас атпайды.

11257654_766795763438028_17918261_n

10407021_1600805953528759_3951857266099382567_n Тұрдыбек Құрметхан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар