Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.... Сондықтан онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс» деп атап көрсеткені белгілі.
Расында дәл қазіргі уақытта әлем созылмалы аурулардың алдын алуға кірісіп жатқан тұста Қазақстан да мұнан қалыс қала алмайды. Бұл бір. Екіншіден, қазіргі уақытта жыл сайын Қазақстанда қатерлік ісікпен сырқаттанатын адамдардың қатары артып келеді. Шамамен алғанда, жыл сайын 35 мыңнан аса адам тіркеледі. Үшіншіден, Қазақстанда шамамен 179 мың адам қатерлі ісік ауруымен есепте тұр. Сондықтан жаһандық проблемаға айналып отырған сырқаттың алдын алу мәселесін Қазақстан да қарастырып отыр. Бұл орайда қатерлі ісікті ертерек анықтаудың нәтижесінде бұл кеселден болатын өлім саны кейінгі кезде елде азайды. Бұл қуанышты нәрсе.
Президенттің халықаралық стандартқа сай келетін Ұлттық ғылыми орталық құру жөніндегі тапсырмасы дені сау ұлт пен ұрпақты ойлағандық деп білеміз. ойлағандық. Өйткені мұндай орталықта әлемдік медицинаның озық тәжірибесі ортаға салынады, заманауи техникалар мен жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мұндай орталықтың аурудың алдын алуда халыққа және медицина қызметкерлеріне де тиімді болады. Қазақстанда денсаулық сақтаудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық бағдарламасында да бұл мәселе атап көрсетілген. Сондықтан онкологиялық ауруларды алдын ала емдеудің тиімді және жоғары технологиялық әдістері орталыққа жүзеге асатын болады. Ал Президент атап көрсеткен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы биыл, 2019 жылы басталады. Қазірдің өзінде осыған қатысты ұйымдастыру-дайындық шаралары басталып, жобалау-сметалық құжаттамасы жасалынып қойды.
Ал Ұлттық онкологиялық орталықта қанша адам ем алады, оның мүмкіндігі қандай? Алдын ала болжанған деректерге қарағанда, мұнда жыл сайын стационарлық көмек үшін 6 мың пациент және амбулаториялық көмек көрсету жағдайында 30 мыңнан аса пациент жоғары технологиялық медициналық көмек алатын болады. Сондай-ақ, 4 мың пациенттің сәулелік терапия алуға мүмкіндігі бар. 10 мыңнан аса пациентке диагностика жасалынып, олар ем алады.
Қалай айтқанда да, қазіргі уақытта мұндай созылмалы аурулардың алдын алу қоғам үшін басты мәселе болып тұрғаны жасырын емес. Сондықтан Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың қажеттілігі күн тәртібінде тұр. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, қазір бірінші орында бірінші орында – сүт безі обыры (12,6%), екінші орында – өкпе обыры (9,9%), үшінші торында – асқазан обыры (7,4%), Төртінші орында жатыр мойны обыры мен тоқішек обыры (4,7%) тұр.
Демек Президент Жолдауында берілген тапсырма пысықталып, өмірге қадам басты. Бұл әлемнің ғылыми жетістіктеріне негізделген, клиникалық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметтерін біріктіретін халықаралық деңгейдегі, тіпті Орталық Азиядағы жетекші онкология орталығына айналмақ. Астана қаласынан салынатын Ұлттық онкологиялық орталық болашақта Англия, Германия, Жапония, Италия, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінің іргелі орталықтарымен меморандумға қол қойды, таяу болашақта ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
Демек, Елбасы тапсырмасына орай салынатын орталық созылмалы қатерлі аурудың алдын алып, оны емдеудің заманауи үлгісі мен әдіс-тәсілдеріне көшкелі отыр. Бұл ұлт үшін, дені сау ұрпақ үшін дұрыс жасалған қадам деп ойлаймыз.
Пікір қалдыру