Маңғыстау облысында 8 жасар қызды зорлаған қылмыскердің видеосы пайда болды

/uploads/thumbnail/20170708180428057_small.jpg
Маңғыстау облысының Сай-өтес ауылында 8 жасар қыз баланың қаза тапқанынан хабарлағанбыз. Бүгінде кісі қолынан көз жұмған қыздың туыстары қылмыскерге өлім жазасын беруді талап етіп отыр. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Ғаламторға 8 жасар қызды аяусыз зорлап өлтірген қылмыскер туралы видео шықты. Ер адамды қыздың денесі табылған соң, бүлдіршіннің туыстары тауып алып, соққының астына алған. Қыздың туыстарының айтуынша, мұндай айуандыққа барған адамды тек өлім жазасына кесу керек. «Біз оның белгілі уақытқа сотталып, кейін жазасын өтеп шыққанын қаламаймыз. Бұл адам емес. Ол өмір сүруге лайық емес. Мұндай адамды тірі қалдыру арқылы біз басқа балалардың өмірін тәуекелге байлаймыз», – дейді қыздың туыстары. Change.org сайтында Қазақстанда өлім жазасын қолдануға шақыратын петиция жарияланды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар