Қазақстандық кәсіби боксшы американдық кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалды.
Бастапқыдан қарсыласын соққының астына алған Головкин Монроны екінші раундта екі мәрте сұлатып түсіріп, нокдаунға жіберді.
Үшінші, төртінші раундта америкалық боксшы есін жиғандай болып қарсыласа бастады. Алайда алтыншы раундта Головкиннің ауыр соққысынан кейін алаңдағы төреші айқасты тоқтатты.
Бұл – 33 жастағы қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 33 кездесуіндегі кезекті жеңісі. Геннадий соның 30-ын, қатарынан 20 шайқасын нокаутпен аяқтап, әйгілі Тайсонның рекордын жаңартты.
АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегін көруге 12600 адам жиналған.
Пікір қалдыру