2007 жылы Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған мемлекеттік комиссия латын қарпіне көшкен Түркияның тәжірибесін зерттеп, қарастыру үшін ғылыми іссапар ұйымдастырған болатын. Іссапар барысында қазақ ғалымдары осы елде әліпби реформасының қалыптасып, дамуына белсене қатысып мемлекеттік, үкіметтік, лингвистикалық комиссиялар құрамына мүше болған беделді ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен және осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеген тұлғалармен сұхбат, кездесулер өткізген еді. Бүгінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанованың осы сапар аясында жазылған зерттеуінен қысқаша үзіндіні назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Пікір қалдыру