Бірінші жекпе-жекте маңғыстаулық боксшы, 2013 жылы жастар арасында ҚР чемпионы атанған Қанат Көптілеуов 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, жапондық боксшы Кеджи Фуджитаны 11:7 есебімен жеңді. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте Айтжан Шлеев өзбекстандық Исраэл Мадримовты жеңді. Сондай-ақ, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет жастар арасында Азия чемпионы атанды. Қазақстан қоржынына төртінші «алтынды» 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Әділет Орынбасаров әкелді. Ал 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте Айбек Эреметов күміс медаль жеңіп алды. Осылай төрт алтын, бір күміс медальмен Қазақстанның жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынды филиппиндіктер, үшінші орынды өзбекстандықтар алды.
Пікір қалдыру