Жапонияда ғылымға бөлінетін қаржы Жалпы ұлттық өнімнің 3 пайызын құрайды. Бұл дамыған елдердің арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Дүниежүзі бойынша ғылымды қолдау жөнінен Жапония бірінші орынды ешкімге бермей келеді. Бұл елде 800 мыңдай ғалым бар. Патент иелерінің саны жөнінен де Жапония жетекші орында. Ғылыми және өндірістік жаңалықтары үшін бұл мемлекеттің ғалымдары 300 мыңнан астам патент алған. Ғылымға құйылатын инвестиция көлемі жөнінен алдыңғы орында тұрған Жапонияның жоғары оқу орындары өндіріс ошақтарымен тығыз байланыс орнатқан. Әр университетте ғылыми-зерттеу орталықтары ашылған. Тіпті техниканың озық үлгілеріне қатысты жобалар ЖОО арқылы жүзеге асады. Мәселен, Токионың технологиялық университеті жанындағы ғылыми орталық жаңа замандық роботтарымен танымал. Жапон ғалымдары шет елге жиі-жиі шығып, дәрістер оқып, тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Бұл елде гуманитарлық саладан гөрі жаратылыстану, техникалық ғылымдар кең құлаш жайған.
Шарафат Жылқыбаева
Пікір қалдыру