Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108 теңгеге дейін көтерілді, – деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұйрық 2015 жылдың 19 мамырында шығарылған.
“Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленсін: дизель отыны – 1 литр үшін 99 теңге; АИ-80 – 1 литр үшін 89 теңге; АИ-92/93 – 1 литр үшін 108 теңге”, – делінген бұйрықта.
“Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады”, – деп мәлімдейді ведомство мамандары.
Ал АИ-80 мен дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалған.
Айта кетейік, бұған дейінгі бұйрық 2015 жылы 10 ақпанда шығып, осы құжат негізінде АИ-92 бағасы 99 теңге болып белгілен болатын.
Пікір қалдыру