Еуроодақ: саяхаттаймын дегендерге жеңілдік жасаймыз

/uploads/thumbnail/20190420194903801_small.jpg

Еуроодақ парламенті жақсы визалық тарихы бар азаматтарға шенген визасын беруді жеңілдету туралы Еуропалық комиссияның ұсынысын бекітті.

Парламент мүшелерінің айтуынша, саяхатшылар ендігі уақытта визаға тапсырысты үш ай бұрын емес, жарты жыл бұрын береді. Бұл шешім күшіне енген жерлерде туристер тапсырысты электронды түрде беруге болады. Сонымен қатар, 6-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді виза қажеттілігінен босату жоспарлануда.

Айта кету керек, Еуроодақ елдерінде көп болатын, «жақсы визалық тарихы» бар азаматтар жарамдылық мерзімі 1-ден 5 жылға дейінгі визаларды ала алады.

Сондай-ақ, Еуроодақ миграциялық заңдардың өзгеруі сөз болды. Өйткені, қазір күшінде тұрған «визалық саясат» 2010 жылдан бері қатты өзгеріске ұшыраған.

2018 жылдың қазан айында Еуроодақтың Ресейдегі елшісі Маркус Эдерер ресейліктерге шенген визасы көптеп беріле бастағанын айтқан-ды. 2017 жылы 3,8 миллион шенген визасы ресейлік азаматтарға берілген. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Сонымен қатар, бірнеше реттік визалар үлесі 85 пайызды құрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар