Қазақстанға құпия қару қолданылып жатыр ма?

/uploads/thumbnail/20170708181008048_small.jpg

Соңғы уақыттарда бүкіл Қазақстанда орын алып жатқан түрлі апаттардың себебі әлі күнге жұмбақ қалғанын көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Десе де бұған аса мән беріп жүргеніміз шамалы. БАҚ біраз уақыт бажайлағанымен, мәселенің ізіне май шам алып түскен ешкім жоқ. Бұрын соңды, естіп, көрмеген жұмбақ апаттарға шет елдерден маман алдырып, зерттегенімізбен тұжырымдамада көрсеткен себептерге сенгіңіз келмейді.

Осы ретте, "Қамшы" порталы "себепсіз" сырқаттардың себебін іздестіріп көрген еді. Соңғы жылдары Қазақстан медицинасы мен экологтары дәрменсіздік танытқан оқиғалар тізбегі төмендегідей болған.

  1. Калачидегі ұйқы дерті. Бүкіл ауыл ұйқыға кетіп жатқанда экологтар мен денсаулық сақтау қызметкерлері себеп таппай сандалғаны есіңізде болар. Бұндай аурудың алғашқы белгілері 2013 жылдан бастап шыға бастаған. Астананың іргесіндегі ауылдың жаппай ұйқыға кетуіне қатысты бірнеше себептер айтылған.

1.1. Қоршаған ортаның микроэлементтерін зерттеген мамандар ауа мен судан табылған қорғасын сияқты элементтің ұсақ белгілерін зерттеген. Бірақ ұлттық ядролық орталығы мамандарының айтуынша, олар «ұйқы дертіне» шалдыққан науқастардың жағдайына әсер етуі мүмкін.

1.2. Атмосфераның газ күйін де шамалары келгенше қосымша тексерген. Ауада көміртек монооксиді, яғни кәдімгі ыс мөлшері көп екені анықталған, әдетте оның адам ағзасына әсері «ұйқы дерті» белгілеріне ұқсайды. Яғни, Калачиліктер жәй ғана "ыстанған". Бірақ бұл да 100 пайыз себеп бола алмайды. Сонымен ұйқы дертіне радон себепкер емес, бірақ не екені белгісіз?

  1. Қазақстанның бірнеше облыстарында "қызылшаға қарсы екпеден" кейін жан түршігерлік хәлге түскен оқушылардың саны артты. Естен танып, екі бүктеліп жатқан жасөспірімдердің мүшкіл жағдайына бей-жай қалдырмайтыны анық. Бір ғана Маңғыстау облысында 200-ге тарта бала екпеден кейін ауруханаға түскен.

2.1. Осы даулы мәселеден кейін, көптеген ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартты. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Үндістаннан арнайы қызылшаға қарсы сатып алынған моновакцинаға зерттеу жұмыстарын жүргізген. Үндістандағы «Serum Institute of India» компаниясы ұсынған қызылшаға қарсы екпенің еріткішпен бірге 16 физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері сынақтан өткен. Зерттеу жұмыстарының қорытындысында екпе адам денсаулығына қауіпсіз деген тұжырымға келді. Ал екпеден баст тартқан ата-аналарға жазалау шаралары қолданылатынын да айтты. Иә, Салидат ханым, қатты шықты. Миллиард долларға сатып алған вакцинаны екпесе, басы дауға қалатынын ол жақсы біледі.

  1. Қазақ даласында қызыл кітапқа енген, мемлекеттің айрықша қорғауына алынған ақбөкендердің жаппай қырылуының де себебі айтылған жоқ. Ұлыбритания мен Германиядан мамандар алдырып, зерттеу жұмыстарын жүргізгенімізбен, сайғақ қырғыныңы "себебі" - күпті болған деумен шектелді. Осы күнге дейін Қазақстанның бірнеше облыстарында себепсіз қырылған киік саны - 120 мыңның үстіне шыққан. Қостанай облысы маңындаға утилизациялау жұмысы барысында киік өлекселері маңынан шар тәріздес ғарыш зымыранының бөлшегін тапқанымен, бұл киік қырғынына себеп бола алмайды деп шешілген.
  2. Өскеменде лашын құсы, Алматыда қарғалар адамдарға шабуыл жасай бастады. Бұл туралы қазақстандық БАҚ жазған болатын. Құстардың тосын шабуылына не себеп болған? Әлде...
  3. Талдқорған қаласындағы сауда үйлерінің бірінде еңгезердей ер азамат 4 сағат бойы тұрған орнында сіресіп қатып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері тиісті шараларды қолданғанымен, еш нәтиже бермеген. Жергілікті денсаулық сақтау мамандары жігіттің осындай күйге түсуіне алькоголдік ішімдікке құмарлығы деп түсіндірген.
  4. Жастардың арасындағы суицидтің жиіліп кетуі басты мәселелердің бірі екені айтпаса да түсінікті. Мысалы, былтырғы жылы кәмелет жасқа толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсаудың 190 фактісі тіркелген. Жасспірімдер арасындағы суицидтің өршуінің басты себебі - әлеуметтік желілер мен бала психологиясына әсер етуші факторлар екені түсінікті. Дегенмен осы бағытта жұмыстар саябырсып тұрғаны алаңдатады.
  5. Қазақстандағы түсік тастаушылар көрсеткіші. Әйелдердің бедеулігі мен ерлердің арасында,ы белсіздік.

7.1. Қазақстанда жылына 300 мың ана түсік жасатады. Бұл ҚР Статистикалық агенттігінің мағлұматы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 3 миллион бала аборттың құрбаны болған. Яғни, осы бір қастандықтың алдын алғанда, Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асып жығылар ма еді?

7.2. Қазақстанда репродуктивті жас көрсеткішіндегі отбасылардың 15-17%-ын бедеулік мәселесі әурелейді.

7.3. 5-6 жыл бұрын ер адамның бедеулігі 30-35%-ды құраса, бүгінде 60%-ға дейін өсіп тұр. Жастарға қарағанда 45 жастағылар арасында бедеулік көбейді. Қазір 30-35 жастағы бедеулігі бар жігіттердің пайыздық мөлшері де көбейе бастаған.

7.4. Былтырғы жылы Қазақстанда кесарь тілігі арқылы босанатын әйелдер саны 40 пайызға жеткен.

  1. Қайнар көздері белгісіз азық-түліктер. Бұл да өз кезегінде Қазақстан халқы үшін аса қауіпті шабуылдардың біріне айналуы мүмкін. Қауіпсіз азық-түлікті айтқанда, халықтың аса көп мөлшерде қолданатын тағамдары – сүт пен ет. Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40 пайызға жуығы сырттан жеткізіледі. Сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері алыс-жақын шет елдерден әкелінеді. Ал Академик Төрегелді Шарманов, Қазақстандағы жалпы аурулардың 60 пайыздан астамы - шет елдерден экспортталатын тағам өнімдерінен екенін айтады.
  2. Қазақстандағы діни бірлестіктер мен ұйымдар және секталар. Қазіргі таңда өздерінің діни дағуаттарын ашық жүргізіп келе жатқан 4000-нан астам діни бірлестіктер мен 40-тан астам конфессия тіркелген екен. Олардың ішінде Ислам атын жамылатындардың саны 2700-ден асып жығылады. Мысалы, Ахилер, Илахилер, Худаилер, Қадырия, Ахмаия, Дусуқия, Акбария,Шазилия, Маулауия, Хизб-ут-Тахир, Таблиғ жамағаты, ИШИМ, ШТИП т.с.с. Осы радикалды топтардың арасында әлем елдерінің үрейін ұшырып отырған - ИШИМ. Сириядағы содырларға әлемнің 120 мемлекетінің азаматтары келіп қосылған. Олардың сапында 300-ден астам қазақстандықтар да бар. Бейресми дереккөздерінде аталмыш ұйым арнайы КГБ тапсырмасы бойынша құрылған деп айтылғанымен, бұл нақты дәлелденбеген пікір ғана. Десе де Сириядағы содырлар арасындағы қазақстандықтардың саны артып келе жатқаны алаңдаушылық туғызады.

Жоғарыда тізбектеп көрсеткен мәліметтерді сараптай келе, Қазақстандағы құзырлы мекемелердің дәрменсіздігін аңғарамыз. Жұмбақ аурулар мен, жасырын шабуылдардың астарында қазақты жою (құрту) идеясы жатқан жоқ па? Қазақстанға қарсы құпия қару қолданушылар кімдер?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар