Қазан-тіршілігінен қазақылығы тамып тұратын Оңтүстік Қазақстан облысында тқарылып жатқан игі шаралар аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатын орындауда ОҚО көш бастаушылардың қатарында. Солардың ішінде мектеп жасына толмаған бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету Елбасы айқындап берген тапсырмалардың ең бастысы екені түсінікті. Сонымен қатар, Қазақстандағы әрбір бесінші сәби оңтүстік өңірінде дүние есігін ашатыны да белгілі. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде облыс аумағында үш жүз мыңнан астам нәрестедүниеге келген. Осыны ескере келе облыс басшылары балғындарды балабақшамен қамту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын баяндады. Жалпы, өткен жылы облыста 160 мектепке дейінгі ұйым ашылып, онда 15 мыңнан астам бүлдіршін қамтылса, 1 маусым балалар күні қарсаңында ОҚО басшылары тағы бір қуанышты жаңалықтарымен бөлісті. Оүтүстіктегі бүлдіршіндердің 70 пайыздан астамы балабақшамен қамтылған. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сондай-ақ оңтүстіктегі оң қадамдар реті төмендегідей болған.
- Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі ұйымдар саны 1500-ге жуықтаған. Нәтижесінде 154 мыңнан астам бала балабақшамен қамтылған.
- ОҚО-да мектеп жасына дейінгі балабақшамен қамту көрсеткіші 76,9 пайызға жеткен.
- Облыс көлемінде 637 жекеменшік мектепке дейінге ұйымдар жұмыс істеуде.
- Жоғарыда айтылған мекемелерде 60 мыңға жуық бүлдіршін тәрбиеленуде.
- Жыл соңына дейін мектепке дейінгі жаңа 95 ұйым ашылмақ. Жаңа балабақшалар 12 мың орынға жоспарланған. Яғни, ОҚО-дағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткішті - 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Пікір қалдыру