Кәсіпкерлер екі айда көп балалы 8 отбасыға үй сыйлады

/uploads/thumbnail/20190426113940927_small.jpg

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуі де – жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды,  екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр.

Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген.

«Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы  пәтерде тұрдым. Екі балам оқиды,  5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып.

Алматы

Сонымен қатар,  Алтынемел  ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің  бас директоры Халық  Оңғарұлы  Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді.

«6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте оқиды. Туған туыстың және осындай зиялы азаматтардың арқасында күнімізді көріп жүрміз» , - деді жас ана.

Айта кету керек, ауданда наурыз айында бастау алған қайырымды шара осымен 8 бірдей отбасыны баспаналы қылды. "Бұл шара әлі де жалғасын таба бермек",– дейді аудан белсенділері.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар