Бала тәрбиесіне байыппен қарайық

/uploads/thumbnail/20170708181044177_small.jpg

Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ал-Фараби Балалардың өз өмірінде көргенін қайталайтынын Абай былай деп көрсеткен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбы – құрдастарынан».

Солардың ішінде бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпау керек. Тағы бір тәрбиеге нұқсан келтіретін ата-ана тарапынан жіберілетін қателік - баланы шектен тыс еркелетіп, қолына қомақты ақша ұстатып, өз еркіне жіберу. Қазіргі кезде заман өзгеріп, өмірімізге техникалық прогрестің жетілген кезде компьютерлік ойындар орталықтары ашылып жатқаны. Онда жүретіндер – балалар, ойынға салынып сабақты да, басқаны да қойып, өз алдына қызыққа батады. Тіпті ақша үшін ұрлық жасап, өз ата- анасына қол жұмсап жатқан балалар туралы да мәліметтер аз емес. Компьютерлік ойындадам миын улап алатын апиындар. Осы мәселені әрбір от- басы алға - тартып, тереңінен пайымдауы керек. Сонда ғана отбасы тәрбиесіне қатысты мәселелер талапқа сай шешілуі мүмкін. Ата – ананың баласына сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзетіп, жетістігін жебеп отыруы-тағы бір үлкен мәселе. Балаға сын көзмен қарау керек екенін М. Әуезов «Абай жолы» кітабында былай көрсеткен. Құнанбай өзінің қасындағы байшонжарларға Абайды қабілет – қарымын танып ел басқаруға ерте баулуы да содан. Әке – балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі асауды ауыздықтат дыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын шаттығын шалқытатын ұлы мектеп. Ал ана тәрбиесі кешенді тәрбие, жинақталған аса тағы лымды мектеп. Сондықтан С. Қалиев пен Қ. Жарық баев өз еңбектерінде «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» - деп көрсеткен. Қазақтар бала тәрбиесінде олардың жас ерекшелік- терін ескеру қажеттігіне ерекше көңіл бөлген. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас деген ұстанымдарында баланың жас санап жетілу ерекше- ліктерін ескеру қажеттігі нақты көрсетілген. Баланың жақсы болғаны – әке мен шешенің абыройы.

 Жаман бала отбасының қайғысы, азабы, соры. Бұл пікірді атақты педагог В. Сухомлинский айтқан. Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттері өте ұлкен және отбасының орны күннен күнге күшейе түседі. Түсінігі таяз ата-аналар да кездеседі. Оларға «бала ларыңыздың оқуы нашар, соған көмек көрсетуңуз керек» - десең еститінің «Оқымаған адамдарда нанын тауып жеп жүрғой, қайтейін сау болса болар». Бұл әңгіме нан табуда емес, балалардың оқуында, тәрбиесінде болып тұр емеспе? Осындай отбасылардан қандай тәрбие күтуге болады? Ата-ана отбасы ұйыт қысы балалардың бағбаны, сондықтан олар жақсы қасиеттерімен балалардың келешегіне үлкен әсерін тигізулері керек. Бала тәрбиесімен оның анасы ғана айналысатын отбасылар да бар. Мұндай жартыкеш тәрбие де жақсы нәтиже бермейді. Әке өнегесі, әке тәрбиесінің орны қашанда бөлек. - Ата – аналардың өмірі көптеген қиыншылықтар мен уайымнан тұрады. Олар ашу, ыза, қуаныш, қызғаныш, сенімділік, күйініш, өкініш ретінде көрініс береді. Мектепте мұғалімдер мен психологтарды мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Баланың қиын мінез- құлқының себебі оның отбасындағы ата-анамен қарым - қатынасына байланысты. Осы бағытта отба сындағы жайсыз психологиялық ахуалды бар отбасындағы ата- анамен бала арасындағы қарым-қатынас мектеп жа сындағы балалардың интеллектуалдық жеке тұлғалық дамуына көпшілік жағдайда кері әсерін тигізіп отыратын сөзсіз. Отбасындағы жағдайларды зертеушілер ондағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың белгісі бойынша төрт топқа бөліп көрсетеді: а) жалғыз басты ана немесе әке; ә) әлеуметтік бейімделмеген ата-ана; б) бай немесе кедей ата-ана; в) қарт ата-ана. Бұдан шығатын қорытынды – отбасындағы орта қандай болса, бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Сондықтан ата-аналар балаларын мәдениетті, кіші- пейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Қазақ халқының ұлттық өркендеуінің болашағы жас ұрпақ тың қолында. Еліміздің келешектегі тағдыры олардың пат риоттығы мен азаматтылығына байланысты. Олар дың тәрбиесіне ата-ана, мектеп, қоғам болып атсалы сайық ағайын!

Х.КАРАТАЕВ, «Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психологы

Қатысты Мақалалар