Үстіміздегі жылдың 24 сəуірінде қаламыздағы байырғы оқу орындарының бірінен саналатын №4 бастауыш мектебінде мектепке енгізілген өзгерістер нəтижелерін желілік қауымдастық арқылы бөлісу жəне тəжірибе алмасу мақсатында оқу əдістемелік семинар болып өтті. Аудандағы өзге мектептерден келген отызға жуық мұғалімдер өзара сындарлы оқыту аясында іс-тəжірибе бөлісті. Мектептің І-деңгейлі мұғалімі Раушан Көлбаева «Оқушылардың тіл байлығын дамытуда критерийалды бағалаудың тиімділігі», ІІ-деңгейлі мұғалім Сəуле Тұрғанбаева «Дарынды жəне талантты балаларды оқыту жолындағы кедергілерді жою» тақырыптарында коучинг сессияларын өтті. Тəлімгер Р.Көлбаеваның тəлім алушылары орыс тілі пəнінің мұғалімі Гүлнар Исламбекова «В зоопарке», ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Сəуле Бердарлиева «Time» тақырыптарында 4 «а» сыныбымен, əдебиеттік оқу пəнінен «Төрт мезгілді аңсау» тақырыбында Толқын Шекербекова 3 «д» сыныбымен өткен сабақтарында коучингте кеңінен қолданылған əдіс-тəсілдерді пайдаланды. Ал, С.Тұрғанбаеваның тəлім алушылары Бақыт Жаппарова орыс тілі пəнінен 4 «а» сыныбымен «В зоопарке», еңбек пəні мұғалімі Зəуре Тұрғанбаева 4 «г» сыныбында «Түскиіз», дүниетану пəнінен Ақнұр Бекмұрзаева 1 «д» сыныбымен «Үй жануарларының тіршілігі» тақырыптарында күрделі тапсырмаларды түзуде тəжірибелерді жетілдіру, дарынды оқушылармен жұмысты жолға қою мақсатында сабақтар өтті. Оқу үдерісін жетілдіруде мұндай əдістемелік семи- нарлардың берері мол екендігі жөнінде мұғалімдер мен тəлімгерлер арасында кəсіби əңгіме жүргізіліп, жаңа əдіс- тəсілдердің тиімділігі жөнінде кеңінен сөз болды.
Р.ҚАУАСҚЫЗЫ, І-деңгейлі мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары