ОҚО-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 80 шара өткізу жоспарланған

/uploads/thumbnail/20170708181044529_small.jpg

 

Қазақстанның тұңғыш Президентінің нақты тапсырмасы аясында биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуге дайындық басталып кеткен болатын. Қазіргі таңда Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы дайындалды. "Аталған тұжырымдамада Қазақ Хандығы құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеологемалары, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген. Осы орайда Қазақ тарихындағы айтулы датаны атап өтуде Оңтүстік тұрғындары бүгінне бастап кетті. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 80-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен жиында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова айтты, деп хабарлайды Bnews.kz. Күлия Айдарбекованың айтуынша, бүгінде аймақты 756 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. «Оның 428-і – кітапхана болса, 268-і – клуб, 25-і – мұражай және 12-і – саяжай», - дейді басқарма басшысы. Басқарма басшысы аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығына орай – 79, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына – 64, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына 47 іс-шара ұйымдастыру жоспарланғанын хабарлады. «79 іс-шараның 34-і орындалды. Ұлы Отан соғысына қатысты шаралар жүз пайыз орындалды», - деп қорытындылады Күлия Айдарбекова.

Қатысты Мақалалар