«Тіл сынағынан өттім. Енді тіркеп жатса, қол сынағы, қалды ағайын! 120 мың қол жинау керек!». Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссиясынан шыққан Әміржан Қосанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.
Ал комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков президенттікке кандидаттың емтиханның барлық үш кезеңінен сүрінбей өткенін айтты.
–Жазба жұмысын биік деңгейде жазып, тақырыпты терең қамтыды. Қадыр Мырза Әлі замандасымыздың өлеңін еркін, әдемі оқыды. Үшінші "Өнер-білім бар жұрттар" деген тақырыпта да өте әдемі әңгіме өрбітті. Біз қанағаттандық. Сонымен лингвистикалық комиссиясының қорытындысы - Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Басқа пікір жоқ, – деді Мырзатай Жолдасбеков.
Пікір қалдыру