Fly Arystan билеттері қымбаттап кеткені рас па?

    Әділет Мәдениет
    Fly Arystan билеттері қымбаттап кеткені рас па?

    Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған.”Fly Arystan” бюджеттік әуе компаниясының билеттері қымбаттаған жоқ. Бұған дейін айтылған бағамен сатылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ZAN Media сайтына сілтеме жасап. 

    Белгілі болғандай, жолаушылардың 2 проценті “Fly Arystan” билеттерін қымбатқа сатып алған.

    "Мен бір апта бұрын мониторинг жасадым. Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған. Ал, негізінен, билеттер компания белгілеген бағамен сатылып жатыр. Мәселен, Орал бағытына – 12-13 мың теңге, Таразға –  6 900 теңге", – деді Қасымбек үкімет кулуарында.

    Үкімет басшысының орынбасары билет құнының әртүрлі болуы жолаушының жүгі мен таңдаған орнына байланысты екенін айтты.

    "Біреу жүгімен ұшады, енді біреулері барлық билет сатылып кеткен кезде бір-ақ алады. Бұл динамикалық жүйе", – деді ол.

    Оның айтуынша, Қазақстанның авиациялық тасымал нарығы айтарлықтай үлкен емес. Жыл сайын 5-6 миллион адам ұшады.

    "Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында қатынайтын теміржол жолаушыларының бір бөлігі осы лоукостерге ауысып жатыр",- деді Қасымбек.

    Айтуынша, биыл Fly Arystan әуе компаниясында төрт ұшақ болады. Жаңа әуе компаниясы бір жылдың ішінде 1 миллион адам тасымалдауды жоспарлап отыр.

    Ұсынған: Әділет Мәдениет

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025