"Голос. Дети" байқауының екінші орын иегері Ержан Максим тегі туралы түсіндіріп берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтың жарқырап шығып келе жатқан жарық жұлдызы туралы бірер мәлімет ұсынсақ.
Ержан 2007 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстанда, Орал қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Ербол Наумов.
Анасы - Гүлмира Әлібек.
Ол төрт жасында ән айтып бастаған. Әкесінің қырық жас мерейтойында ән салған ұлдарының дарынын байқаған ата-анасы оны жергілікті жердің Мәдениет үйіндегі вокал үйірмесіне береді. Жетекшісі Республикалық байқаулардың лауреаты, Орал филармониясының белді мүшесі - Дария Бақытова.
9 жасар Ержан халықаралық сахнада ең алғашқы жетістігін көрсетті. Ол 2016 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» әншілер фестивалінің бас жүлдесін қанжығасына байлады.
Бір жылдан кейін италиялық San Remo Junior-ге қатысып, финалист болып, Витебсктегі «Славян базарында» екінші орын алды.
2018 жылы балалардың "Евровидениесінде" финалға шықты.
2019 жылы Ресейде өткен "Голос.Дети" байқауының екінші орын иегері атанды.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде "Неге тегің Максим?" деген сұраққа да жауап берді. Ержанның айтуынша, оның атасының аты Мақсым болған. Алайда құжатта Максим болып жазылып кетіпті.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру