Оңтүстік Қазақстанда жылына 80 мың бала дүниеге келеді

/uploads/thumbnail/20170708181046071_small.jpg

Елімізде күн сайын 1 мыңдай, ал жылына 400 мыңға тарта сәби дүние есігін ашады. Соңғы он жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға өскен. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салмағы 500 грамнан жоғары, шала туылған сәбилердің өмірін сақтап қалу мүмкін болған. Тек соңғы бес жылдың өзінде салмағы 1,5 килоға дейінгі сәби­лерді сақтап қалу 30 пайызға арт­қан. Брифингте сөз алған Ден­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық кө­мекті ұйымдастыру департа­менті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова осы мә­ліметтерді алға тартып, 2008 жылы шала туылған сәбилердің 41 пайызы аман қалатын болса, қазір бұл көрсеткіштің 60 пайызға жуықтағанын атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысында жылына кем дегенде 80 мың бала дүниеге келетін болғандықтан балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасында өткен жиында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Bnews.kz. Бердібек Сапарбаевтың мәлімдеуінше, Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмалары орындалып жатыр. «Қандай да бір қаржылық дағдарыс болса да облыстың экономикалық көрсеткіштері былтырғы жылғыдан төмен емес. Соның арқасында халықтың тұрмысы, әл-ауқаты жаман емес», - дейді премьер-министрдің орынбасары. Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың саны көп болуына қарамастан аймақта әлеуметтік салада жасалып жатқан жұмыстардың көп екеніне тоқталды. «Облыстың халқы көп болған соң, жылына кемінде 80 мың бала дүниеге келетін болғандықтан балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту мүмкін емес. Қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту облыс бойынша 76 пайызды құрайды. Бірақ бұл республикалық көрсеткіштен төмен. Осы бағытта жұмыс жасау керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Қатысты Мақалалар