Қазақстан өркениетті, демократиялы ел ретінде қазақстандық этностардың тілінде дамытып, және олардың өз тілінде білім алуына да жағдай жасап келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мерейін көтеріп, қазақстандықтардың үш тілді білуін насихаттау да. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 2011жылғы Жолдауында «Біздің міндетіміз -2017 жылға қарай мемлекеттік тіл ді білетін қазақстандықтар санын 80%-ға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95%-ды құрауы тиіс» деген болатын. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100%-ы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы қазақ стандық үшін үш тілді білу – әркімнің міндетті шарты екенін атап өтті. Осы бастаманың негізінде бүгінде қазақстандық тарды қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту жұмыстары жүргізілуде. Соның бір дәлелі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» мұғалімдері төлебиліктерді де үш тілде (қайта даярлап) оқытып келеді. Мысалы мен өзім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айжан Нұрланқызынан дәріс алып жүрмін. Ағылшын тілінен оқу курсы болады дегенде қуана-қуана жазылдым. Мүмкіндігінше сабақты жіберіп алмауға тырысамыз. Мектептегі мұғалімдер аптасына үш рет сабаққа қатысады. Бүгінгі көп тілді және көп конфессиялы қоғамда тіл білудің пайдасы көп. Тым болмаса, балалары мыздың ағылшын тілі сабағына қадағалау жүргізуіміз үшін де қажет. Мұғалімнің білімділігінің, ақ жарқындылығының арқасында тіл үйренушілердің саны күннен-күнге ынтасы артып, сабаққа уақытылы келіп-кетуге ықылас білдіріп отыр. Сонымен қатар орталық мұғалімдері тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі іс – шаралар ұйымдастырады. Оған дәлел «Әйел-ана-тіршіліктің тірегі» атты мерекелік бағдарлама үш тілде жүргізіліп, осы орталықтың тыңдаушылары белсене қатысты. Шындығы керек, мектеп мұғалімдерінің қанша қаласа да, арнайы ағылшын курстарына барып оқуына мүмкіндіктері бола бермейді. Бір жағынан қарбалас жұмыс,екінші жағынан қаражат мәселесі. Ал өздері жұмыс орнымызға келіп, тегін дәріс беріп жатса неге оқымасқа?. Осындай мүмкіндік жасап отырған аудан әкіміне және аудандлық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталы ғының» мұғалімдеріне алғысымыз шексіз және Джурабекова Айжан Нұрланқызына еңбегіңіз жанып,тек биіктен көріне беріңіз деп тілек айтқымыз келеді.
Аягөз СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі