Жастар тәрбиесі басты назарда

/uploads/thumbnail/20170708181046893_small.jpg

Ел мүддесі мен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеу үшін отбасының, ата-ананың алар орыны ерекше. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың, отбасының маңызды екендігін білген халқымыз: «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенді тегіннен тегін айтпаған және аз сөзбен-ақ ұлы ұғымға меңзей білген. Кешегі Кеңестер Одағы кезінде бала тәрбиесіне октябрят, пионер, комсомол ұйымдары да жауапты болып, балаға берілетін тәрбиенің шаруасына олар да белсене араласқаны белгілі. Солай дей тұрсақта жаңа туған баланың бойындағы рухтың дамуына тіл мен діл отбасында беріліп, ата-ананың тынымсыз жасаған еңбегімен қалыптасады. Әрбір ұлтты бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын осы тіл мен діл дүниеге келген сәбиге ана сүтімен, әкенің қанымен беріліп, сол жасты рухы мықты азамат етіп өсіреді. Рухы мықты азаматтың болашағы да зор. Сол үшінде әрбір ата-ана баласының жақсы тәрбие алуына, дені сау болып өсуіне көңіл бөліп, өздері тарапынан берілетін тәрбиенің мәніне, мазмұнына назар аударғандары жөн. Мектеп оқушыларының сабақтарының бітіру мерзімі жақындауына байланысты, Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Анарбаев Саматтың ұйымдасты руымен аудан көлеміндегі барша мектеп бітірушілермен кездесулер ұйымдасты рылып, жоспарлы түрде өткізілуде. Бұл кездесудің мақсаты қазіргі жастар арасын дағы діни түсініктерін жоғарлату, сонымен бірге өзекті мәселе болып тұрған жат ағымдар жайлы мағлұмат беріліп, сақ болу керектілігі айтылуда. Кездесуге сол мектептердің әсіресе бітіруші түлектері қатыстырылуына жете мән берілуде. Себебі болашақ студенттер ертең сыртта діни сауатсыздық кесірінен жат ағым жетегінде кетуде. Әр кездесу соңында оқушы, мұғалімдер арасынан көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар беріліп отырды.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Қатысты Мақалалар