Бүлдіршіндер байқауда бақ сынады

/uploads/thumbnail/20170708181047281_small.jpg

 «Ұлар Шың» балабақшасының «Сұңқар» тобының бүлдіршіндері арасында қыз байқауы өтті. Конкурсқа 9 сайыскер қатысып, 7 тур бойынша бақтарын сынады. «Ұлар Шың аруы 2015» байқауында бүлдіршінде бірінші өзін – өзі таныстырса, «Зерделінің ойы озық» кезеңінде сұрақтарға жауап берді. «Шебер қолдар» сайысында кішкентай арулар қағаздан ою ойып, оны құрастырып, көпшіліктің назарына ұсынды. Ән айтып, би билеп, тақпақ айтқан бүлдіршіндеріміз «Өз өнері» турынан сүрінбей өтті. «Қол өнер» сайысында аналарымен бірге жасаған ұлттық нақыштағы киіз үй, сырмақ ойып аруларымыз іскерлігін, шеберлігін көрсете білді. Бүлдіршіндер «Қонақжайлылық ата дәстүріміз» кезеңінде үйден жасап келген ас мәзірлерін көрсетіп, оның дайындалу тәсілін түсіндіріп берді. Сахна мәдениетіне машықтанған қыздарымыз сән үлгілерін көрсетіп, «Қыздарға әсемдік жарасында» сайысында олар өз әсемдіктерімен, тартымдықтарымен, сұлулықтарымен ел назарын өзіне баурап алды. Байқауда қатысушы қыздардан бөлек «Томаша», «Тоты», «Бұлбұл», «Лашын», «Сұңқар» тобының сәбилері ән айтып, би билеп, мерекелік концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Конкурс болған соң, оның жеңімпаздары анықталуы тиіс. «Ұлар Шың аруы» байқауының нәтижесі бойынша бас жүлдені Зере Жаппарова, бірінші орынды Аружан Әбілқасым, екінші орынды Дария Дәуренқызы, үшінші орынды Аруана Қадырхан жеңіп алса, Милана Зайцева – «Өнерлі қыз», Ұлзия Ғалымжан –«Көрермен көзайымы», Камалия Пернебай – «Шебер қыз», Назмина Хабибуллақызы – «Мың бұралған биші», Арина Сидельникова – «Көрікті қыз» номинацияларының иегері атанды. Барлық кішкентай аруларымызға дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

«Ленгер жаршысы»

Қатысты Мақалалар