Оқу жылының аяқталуымен бірге оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселесі де алға шығады. Елімізде балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептер жанынан лагерлер ашылып, жергілікті атқарушы билік өкілдері жақын маңдағы демалыс орындарынан балаларға жолдама да ұсынып жатады. Алайда, бұл бастамалар еліміздегі барлық балаларды қамтиды деп айту қиын. Мінекей оқушылар да, ата-аналарда, тіпті мұғалімдер де асыға күткен биылғы жазғы демалысқа жеттік десек болады. Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе. Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Биыл Оңтүстік Қазақстандағы 24 жазғы сауықтыру лагерінде 50 мыңға жуық бала демалмақ дейді, бүгінгі брифингте облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева. Сондай-ақ, 6500 бала өзге өңірлер мен шет елдердегі лагерлерге барады. Өңірде жазғы лагерлер маусым айының бесінен бастап жұмысын бастайды. Осы демалыс орындарына облыстан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім және жартылай жетім он мыңға жуық бүлдіршін жаз айында лагерлерге тегін жіберледі. Сонымен қатар, қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдаурен» лагері 600 баланы тегін қабылдайды. Онда келген балалар түрлі үйірмелерге қатысып, тарихи орындарға саяхат жасайды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі