Бүгін кезекті брифингте ОҚО Балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқармасының бастығы Ғ.Жүсіпова жыл басынан атқарылған жұмыстар бойынша журналистерге есеп берді. Онда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу деинституциялизациялау стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы түрлерін насихаттау мақсатында «Қуан сәби!», «Қамқоршылық», «Ризашылық» акциясы өткізіліп жақсы жетістіктерге жетуде екен. Басқарманың негізгі бағытының бірі –жетім және қамқорлығынсыз қалған 3124 бала болса,қазіргі таңда облысымызда 2318 бала қорғаншылық қамқорлықта. Балалардың күтіміне мемлекеттен 34 млн 229 мың теңге жәрдемақы төленетінін. Сондай-ақ патронаттық тәрбиеге берілген 339 баланы тәрбиелеп отырған тәрбиешілерге жалақыға 71 135 000 теңге, күтіп бағуға 164 373 000 теңге бөлінетінін айтып өтті. Облысымыздағы 6 балалар үйінің екеуі отбасылық үлгідегі балалар үйіне өткізілді. Кезекте Сайрам ауданы және Төлеби ауданының балалар үйлері тұр. Сонымен қатар тұрғын үймен қаматамасыз ету мәселесі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді бітіруші түлектердің алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі болатынын жеткізді. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту-2020»бағдарламасының «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» тақырыбындағы 3-ші бағыты аясында облыстағы 125 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалр тұрғын үйге қол жеткізді. Олардың 66-сы балалар үйлерінің түлектері екен . 2013-2014 оқу жылында «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алушылар тізіміне балалар үйлерінің түлектері қатарына ОҚО жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелерінде оқып жатқан 79 студент енгізіліп олардың 33-і жоғары оқу орындарында,32-і колледждерде және 14-і кәсіптік лицейлерде білім алып жатқан студенттер.Ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, әрі қарай дамуға кедергі болып тұрған мәселелерге талдау жасап, жыл қорытындысын жақсы көрсеткіштермен аяқтайтынын айтты.
Осы және өзге де атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған басқарма басшысы брифинг соңында журналистердің сауалдарына жауап берді.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі