Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары #NurOtanPikir еркін пікірталас алаңының кезекті отырысында айтты.
Отырыста «Жастар жылы» аясында атқарылып жатқан шаруалар, жастарды баспанамен және жұмыспен қамту мәселелері, жас буынды әлеуметтік қолдау сияқты маңызды жайттар сөз болды.
Бұдан басқа іс-шарада ауыл жастарына қатысты мәселе де көтерілді. Аталған мәселе жайында Мәулен Әшімбаев ауыл жастарының бәсекеге қабілетті болуы үшін жергілікті мектептердің беделін арттырып, олардың білім деңгейін көтеру керектігін айтты.
Ал жастарды дұрыс тәрбиелеу ісіне қатысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ең алдымен өскелең ұрпақ арасында дұрыс құндылықтар қалыптастыру керектігіне назар аударды.
– Жастарды тәрбиелеу, жаңа заман тұлғаларын қалыптастыру туралы айтқанда, жас буын арасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруды ескеруіміз керек. Соның ішінде адамгершілік, қарапайымдылық, еңбекқорлық, табандылық сияқты қасиеттерге басымдық берген жөн. Мұның барлығы көздеген мақсатқа жетелейтін қадамдар. Бұл істе, аға буынға, яғни бізге, сондай-ақ зиялы қауымға жүктелер жауапкершіліктің жүгі ауыр, – деді Мәулен Әшімбаев.
Одан бөлек, іс-шара барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Shalqar» радиосының директоры Қалқаман Сарин, кәсіпкер, ІТ технологиялар саласында қызмет көрсететін STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жүргізушісі Әйгерім Есенәлі, «Nur Otan» партиясы Баспасөз қызметінің басшысы Максим Споткай және «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек көтерілген тақырыпқа қатысты өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.
Пікір қалдыру