АҚШ-тың Вашингтон қаласының тұрғыны 64 жастағы күйеуінің жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданған. Саяхаттап кеткен ер адам белгіленген уақытта үйіне оралмаған. Төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілер орманды бір күн бойы кезіп, ер адамның мәйіті мен оның итін тауып алды.
Жоғалып кеткен жиһанкездің әйелі бекер күдіктенбепті. Әдеттегідай ол орман шарлап кетеді де, қайта оралмайды. Осыдан кейін орманға бірнеше іздеу отрядтары жіберіліп, шаралар ұйымдастырылды. Саяхатшының көлігін тауып алу қиынға соқпады. Жол жиегінде тұрған көліктің ішінен ер адамның жетуге жоспарлаған нүктелерінің картасы табылған.
Картада көрсетілген әрбір аймақты мұқият тексеру өте көп уақытты алды. Бірақ құтқарушылардың бірінің құлағына алыстан иттің үрген дауысы талып естіледі. Иесі Дейзи деп атаған иттің дауысын бетке алған отряд жарты сағаттай уақыт өткенде оған жетеді. Аталған межеде ит иесінің жанынан бір табан да жылжымай күзетіп отырыпты.
Тілсіз мақұлықтың осынша адалдығы құтқарушылардың да, еріктілердің де көңілін босатты. Оның үстіне саяхатшы дүниеден өтіп кеткен болып шықты. Мәйіт күзеткен ит болмаса, оның мүрдесі де табу қиынға соққандай екен.
Зерттеулер қорытындысында ер адамның биіктіктен құлап, содан алған жарақаттан қайтыс болғаны нақтыланды.
Аударған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру