Зеленскийдің әйелінің Қырымда қымбат үйі бары анықталды

/uploads/thumbnail/20190502093204873_small.png

Украина заңдарының аясында, барлық талаптарға сай және нарықтық бағамен елдегі жаңа сайланған президенттің әйелі Қырымнан үй сатып алған. Бұл ақпаратты Владимир Зеленский штабының баспасөз хатшысы растады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Вести сайтына сілтеме жасап.

Бұрынырақ ғаламторда Елена Зеленскаяның Ялтадағы кәсіпкер Александр Буряковтың пентхаусын нарықтағы бағасынан екі есе төмен қаражатқа сатып алған.

Украинаның жаңа президентінің штабында Еленаның бұл пәтерді расында сатып алғанын растады. Бірақ бұл сауда 2013 жылы орын алған. Сатып алынғаннан кейін барлық алым-салықтары төленген. Пәтер Зеленскаяның атына рәсімделген.

Осылайша Зеленскийлер отбасы бұл үйге Украина Қырымды қайтарғаннан кейін оралмақ. Дегенмен, кей деректерге арқа сүйесек, пәтер сатылымға қойылған. Оның қазіргі құны – алты жыл бұрынғы бағасынан бес есеге артып кеткен. Нақтырақ айтсақ, бағасы – 790 мың еуро.

Елена Зеленскаяның пентхаусы көптеген желі қолданушыларының қызығушылығын туғызуда.

Аударған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар