"Голос. Дети" музыкалық байқауының қатысушысы, жүлделі екінші орынның иегері "Таңғы Хабар" бағдарламасына сұхбат беріп, елдің көкейіндегі бірнеше сұраққа жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Кішкентай өнерпаз бағдарламаға анасымен бірге қонақ болып келген. Сол жерде журналситердің бірнеше сұрақтарына жауап беріп, өзінің ересек адамдарша сөйлеу мәнерімен көрермендердің ықыласына бөленді.
Әнші балапанның анасы байқауға қатысу үшін төрт ай бойы үйден жырақ жүруге тура келгенін, еңбектерінің ақталғанын, баласының болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол баласының бойындағы талантын 3 жасынан бастап байқаған екен.
"Менің бірінші орын алмағаным жақсы болды. егер мен бас жүлде жеңіп алсам, сол уақытта ғана мені мақтап, ел ұмытып кетер еді", - деген мазмұндағы жазба жариялаған еді жас әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірер күн бұрын.
Осы жазбаны негізге ала отырып қойылған сұраққа Ержан тиянақты жауап бере алды.
"Меніңше, екінші орын алғаным дұрыс та болған сияқты. Өйткені, бірінші орынды алсам, сол кезде ғана мені құттықтап, әлеуметтік желіге бір жылт еткізетін де қоятын. Ал қазір танымалдылығым артты екінші орынның арқасында", - деді әнші балапан.
Ал жас таланттың анасы баласы үшін қатты қобалжығанын, жаны бірге болғанын айтып сыр бөлісті. Оның айтуынша, осы аралықта жасалған барлық еңбегі белгілі бір деңгейде ақталғандай.
Сондай-ақ, жас әнші кадрда көрінген стаканның сынып қалуына байланысты "Ол колонканың үстінде тұрған жұқа ыдыс болуы мүмкін" деп пікір білдірді.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру