Бірнеше күн бұрын халықаралық музыкалық іргелі конкурстардың бірі – "Еуровидениеге" Сергей Лазарев қана емес, оның әріптесі, белгілі әнші Алсу да қатысады деген ақпарат тарады ғаламторда. Сергей Лазарев Ресей атынан қатысушы болып баруды жоспарласа, Алсу қорытынды көрсеткіштерді хабарлап тұруы тиіс-тін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Вести бағдарламасына сілтеме жасап.
Алсуға бұл конкурс бөтен емес. 19 жыл бұрын "Solo" әнімен қатысып, жүлделі екінші орынды қанжығасына байлаған.
Десек те, күні кеше аталмыш конкурсты тікелей эфирде көрсететін "Россия-1" телеарнасы "Вести" бағдарламасы арқылы Ресейдің еңбек сіңірген әртісінің ірі байқауға бармайтынын жеткізді. Алғашында Алсуға жүктелген миссияны пианиноның құлағында ойнайтын музыкант Иван Бессонов атқаратын болып бекітіліпті.
Ең қызығы – бұл шешімнің себебінің әншілер тарапынан айтылмауы. Түрлі болжамдардың түбі өткен аптадағы Алсудың қызы қатысқан "Голос. Дети" шоуының қорытындысындағы даумен байланысып отыр. Өйткені, аталмыш байқаудың нәтижесінде Алсудың қызы жеңіске жетіп, көрермендер бұл жеңістің әділ жолмен келгеніне күмәнданған және қоғамдық дау туып кеткен-ді.
Аталған жаңалыққа байланысты халықтың басым көпшілігі Алсу мен оның қызының тарапына жағымсыз пікір қалдыруда.
Аударған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру