Тұрысбеков қайырымдылық қоры балаларға қуаныш сыйлады

/uploads/thumbnail/20170708181056030_small.jpg

 

Бүкіл әлемде 1 - ші маусым 

Балаларды қорғау күні

 ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 

1949

 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 

1950

 жылы өткізілді 

БҰҰ

 аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық. Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бүгін сал аруына шалдыққан балалар үлкен қуанышқа кенелді. Мұндай мүмкіндікті бүлдіршіндерге Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры мен мен «Ладушки» кондитерлік дүкенінің қызметкерлері сыйлады. 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай №18 мектепте білім алатын 40-қа жуық оқушы сыйлықтарға ие болды. Ойыншық көліктер мен қуыршақтарға ие болған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Өйткені олар тек сыйлықтарға ие болып қана қоймай, «Ладушкидің» түрлі тәтті тоқаштарынан да дәм татты. Тәттіге тойып, сыйлық алып, көңілі жайланған оқушылар аулада төбешіктерден сынғанап, уақыттарын қызықты өткізді. Балаларға үнемі қуаныш сыйлап, қоғамның толық мүшесі ретінде қалыптасуы үшін көмегін аямайтын қор жетекшілері алдағы күндері тағы 700-ге жуық бүлдіршінді мерекесімен құттықтауды жоспарлап отыр.  

Қатысты Мақалалар