Шымкентте «Айгөлек» балалар байқауы өтуде

/uploads/thumbnail/20170708181056401_small.jpg

 

  Білімді ұрпақ – мемлекеттің келешегі екендігін жақсы білетін оңтүстік қазақстандық өрендер өздерін әр түрлі байқауларда жан-жақтылығымен танытып келеді. Әр халықтың әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімді де, серігі де, өмірі де  - балалар. Бүгінгі сәби  ертеңгі ұрпақтың жалғасы, біздің болашағымыз. Осы ретте балалардың кезекті мерекесін  мерекесін өзіндік деңгейінде атап өту және балаларды қорғау күніне орай жас дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау, ән арқылы ұлттық өнерімізді қадірлеп, құрметтеу және жас есімдерді тауып, олардың өнерін халыққа насихаттау мақсатында  ОҚО-да «»Айгөлек« балалар байқауы басталды. Бүгін Шымкенттегі оқушылар сарайында қалалық «Айгөлек» шығарамашылық балалар байқауы басталды. Үш кезеңнен тұратын өнер сайысына шаһарымыздағы 21 бөбекжай-балабақшаның бүлдіршіндері қатысты. Ән айтып, би билеуде бар өнерлерін ортаға салған балақайлар сайысқа ерекше дайындықпен келіпті. Қатысушылар «Оқуда озат боламын», «Бала бүлдіршін», «Мен, сен және ол» атты әндерді орындаумен қатар «Сыған», «Достық», «Киіз басу» билерін биледі. Осылайша Оңтүстістің өнерлі, талантты балалары анықталмақ. «Айгөлек» байқауы биыл осымен 9-шы рет өтіуде. Ал бүгінгі байқаудың жеңімпазы ертең өтетін облыстық жарысқа қатысып, бақ сынайтын болады.

Қатысты Мақалалар