Назарбаев Путинге жеделхат жолдады

/uploads/thumbnail/20190506163538340_small.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Нұрсұлтан Назарбаев Шереметьево әуежайында жолаушылар ұшағының өртенуі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Ұсынған: Ильдар Адильченов

Қатысты Мақалалар