Луганск қаласында Ресей төлқұжатын тарата бастады

/uploads/thumbnail/20190506224345313_small.jpg

Ресейлік төлқұжаттын беру орынжайы өз егемендігін жариялаған ЛХР-де ашылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ЛХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Параскеевтың айтуынша, өңір тұрғындары 6-мамырдан бастап орынжайға келіп, төлқұжат алу үшін арыз жазуына болады.

"Ертеңгі күннен бастап Луганск Халық Республикасының аумағында кеден қызметінің бөлімдері ашылады", - деді Параскеев.

24-сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин ЛХР және ДХР тұрғындарына ресейлік төлқұжат алу жолын жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды.

Ал 1-мамырда Путин Украина халқының бөлек санатына ресейлік азаматтықты алуы туралы заңға қол қойды. Киев өз тарапынан Ресей төлқұжатын алған жерлестерінің азаматтықтан айыратыны туралы мәлімдеді.

Аударған: Ильдар Адильченов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар