Бас прокуратура Порошенконы сұрақ-жауапқа шақырды. Неге?

/uploads/thumbnail/20190507132203745_small.jpg

Украинаның Бас прокуратурасы президент қызметінің соңғы апталарын атқарып жүрген Петр Порошенконы жауап алуға шақырды. Оның 2014 жылы Майданда болған адамдар апатына қатысы болуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Известия" сайтына сілтеме жасап.

Бұл – Петр Порошенокның сұрақ-жауапқа алғаш шақырылуы емес. 2016 жылы да ол осы іс бойынша бірқатар сұрақтарға жауап беріп, бірақ протоколға қол қоймай кеткен. Енді Украинаның экс-президентіне ескі протоколға қол қойып, жаңасының сұрақтарына жауап беруге тура келеді.

Бұдан бөлек, тақтан түскен Петр Поршенокның бизнесмен Сергей Курченкомен байланысы жөнінде және Виктор Януковичтің президент болып тұрған уағында миллиард гривинді жымқырғаны жайлы ақпарат тарауда.

Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын Поршенкодан Януковичтің мемлекеттік өзгерістер жасау кезеңіндегі бірнеше мәселеге байланысты жауап алынған еді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар