Ата-бабаға тағзым етіп келетін ұлы күн

/uploads/thumbnail/20190507183144712_small.jpg

Ораза күні, жеңіс күні ата-бабаларымыздың қан төгіп, осы елді, жерді, халықты, ұрпақты қорғаған күні қалай ғана сіздің ар-ұятыңыз барып, елдің мерекесі мен берекесіне, ата-баба алдына тағзым етіп келетін ұлы күніне, ибалы күніне іріткі салып, елдің берекесін қашыруға қандай құқыңыз бар? Бұл адамдық негізде алсаңыз да қылмысты жағдай. Біздің бар арман-мақсатымыз -- елімізде тыныштық пен берекет болып, ауызбіршілікте өмір сүріп, осы жүрген ұрпақтарымыз осы ел мен жерде тыныш өмір сүрсе, достық пен түсінікте ғұмыр кешсе екен деп қана тілейміз. Ата-бабамыздың рухы тыныш жатып, еліміз ауызбіршіліктен ажырамасын.

 

Гүлбахрам ЖҮНІС, желтоқсаншы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар