Жаймашуақ жаздың әр күні мереке, әр күні қуанышқа толы екені рас-ақ. Әсіресе, мұндай мерекелер балалар үшін ерекше есте қалары сөзсіз. Осындай бір ерекше, әрі өзге мерекелерге ұқсамайтын, сыпаты бөлек қуанышты күн – халықаралық баларға арналған кітап күні.
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.
Балаларға арналған кітап күннің негізгі мақсаты балалардың көңілін білім мен танымға арттыру болып табылады.
Неміс жазушысы Йелле Лепманның ұсынысымен пайда болған бұл күні екі жылда бір рет балалар жазушыларына арналған Халықаралық Г.Х. Андерсен атындағы сыйлық беріледі.
Көптеген елдерде бұл күн аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі. Сонымен қатар бір апта бойы балалар мен жасөспірімдер жазушылары кішкентай оқырмандарымен кездесулер өткізіп, сұрақтарына жауап береді.
Бүгін — халықаралық балаларға арналған кітап күні. Айтулы датаны Аркадий Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының ұжымы айрықша атап өтті.
Кітапхананың кішкентай оқырмандары мерекелік шараға ерекше дайындалған. Бірі авторлардың еңбектерін жатқа оқыса, енді бірі «Ертегілер еліне» саяхат жасап, қойылымдарын ұсынды. Мерекелік ән-тарту жолдауды да ұмыт қалдырмады.
Айта кетейік, бүгінде балалар кітапхасының қоры 400 мың кітапқа таяды. Биылдың өзінде 3000-ға жуық кітаппен толыққан ұжымға жаңа электронды дыбысты еңбектер де жеткізіліп жатыр.
Ол құрал кітаптағы жазуды дыбыстап береді. Әсіресе, зағип жандар мен оқуды енді үйреніп жүргендерге таптырмас құрал. Балалар арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған заманауи дүние әзірге мұнда 2 дана.