«Асарда» жаңа балалар ауруханасы ашылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 

006

 

Шымкентте 270 орынды қалалық балалар ауруханасы ашылды. Оның жұмыс барысымен алғашқы болып мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова танысты. Жаңа медициналық мекеме көп салалы балалар ауруханасы болып саналады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Елбасы саясаты арқасында тек соңғы екі-үш жылда еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген өнеркәсіптік, әлеуметтік нысандар іске қосылды және күрделі жөнделді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде өңірде биыл денсаулық нысаны да  пайдалануға берілді. Әлеуметтің әлеуетіне қызмет ететін мұндай нысандарды салуда және дер кезінде халықтың сұранысына жауап бере білуде Оңтүстіқ Қазақстан обысы көш басында. Осындай бір насандардың бірі – Асарда тұрғызылған жаңа балалар ауруханасы. 27 кереуеттік жаңа аурухана жергілікті тұрғындардың игілігіне берілген. Мұнда балаларға жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді. Аурухана ғимаратының жалпы алаңы — 24 мың шаршы метр, екі корпусы бар. «А» корпусында хирургия бөлімшесі мен операциялық блок орналасқан. Ал «Б» корпусында басқа құрылымдық бөлімшелер жайғасқан. Қабылдау бөлмесіндегі жарақат пункті, шұғыл травматологиялық шағын операциялық бөлме, қарқынды терапиялық емдеу палаталары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Заманауи үлгідегі 477 құралғы бар. Оның тең жартысы — отандық өнім. Ауруханада 15 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам жеткіншек стационарлық ем ала алады.

Қатысты Мақалалар