Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нурлы жол» Жолдауы – бұл тек экономикалық саясат қана емес, әлеуметтік салаға жасалған қолдау. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының жұмысы жалғасын табады» деп атап өткен болатын. Бұл ел тұрғындары, әсіресе, ауылда тұратын отбасылар үшін өте маңызды. Әлеуметтік инфрақұрылым, яғни медициналық мекемелер, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар одан әрі дами беретіні сөзсіз.
«2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар, әлеуетіміз жоғары, мемлекеттік-жеке меншік әріптстік – бәрі бар», - деп еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы.
Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым ашылған. Нәтижесінде бүлдіршіндерді қамту көрсеткіші 67,2 пайыздан 76,8 пайызға өскен. Өңірде 115 білім нысаны салынп, соның 41-і іске қосылған.
Аудан бюджеттері есебінен қосымша 13 ғимарат пайдалануға берілген. 135 нысан күрделі жөндеуден өткен. Денсаулық сақтау саласында 68 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 64-і іске қосылған. 32 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалып, аймақтар арасында алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті өткен. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші 5,5-пайыздан 5,1-пайызға төмендеген.
Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі