Маңғыстау облысының әкімі Нобельдің ескерткіш медалімен марапатталды

/uploads/thumbnail/20170708181130350_small.jpg

Жақында Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев «Нобель қорының» ескерткіш медалімен марапатталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Құрметті марапатты аймақ басшысына әйгілі Альфред Нобельдің шөбере туысы Людвиг Филипп Нобель тапсырған. Ол Әзірбайжан астанасы Бакуде Нобельдің мұнай компаниясын, Санкт-Петерборда Нобельдің өндірістік  империясының негізін қалаушы болып табылады. Марапаттау рәсімі аталмыш компанияның құрылғанына 97 жыл толуы қарсаңында – Ақтаудағы Әзірбайжан елшілігі ғиамаратында  өткен.

Қазақстандағы «Әзірбайжан кәсіпкерлер ассоциациасы» мен Әзірбайжан елшілігінің ұсынысы бойынша «Нобель қорының» ескерткіш медалі – Маңғыстау облысы әкімі Серікұлы Алик Айдарбаевқа табысталған.

«Бұл медаль жыл сайын аталмыш қордың және Нобель әулеті мүшелерінің  шешімімен табысталады. Биыл бұл медалды Маңғыстау облысы әкіміне, өңірдегі мұнай өндіру саласын дамытқаны үшін, алғыс ретінде беріліп отыр. Білесізде, 1899 жылы біздің атамыз Альфред Нобель тұңғыш болып, шалғайда жатқан Қарашөңгелде мұнай бұрғылау ісіне кірісіп, алғашқы мұнай бұрқағын ашқан болатын. Сол уақыттан бері Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай державасы атанып келеді. Біз бәріміз мұнымен мақтанамыз»,-дейді Филипп Нобель.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар