Грузияның экс-Президенті Украинада губернатор болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708181132531_small.jpeg

Кеше Украина билік өкілдері бір ауыздан  Одесса облысы гумернаторлығына Михаил Саакашвилидің кандидатурасын мақұлдады. Осыған дейін Грузияның экс-президенті Украина билігінен саяси баспана сұрап, азаматтық алған болатын.

Енді Грузияның бұрынғы басшысы Одессаоблысының губернаторы қызметін атқарады. 29 мамыр күні Одесса облыстық әкімшілігі губернаторы лауазымына Саакашвилидің кандидатурасын ұсынған.  Ал соңғы шешімді бүгін  Украина Президенті Петр Порошенко Одессаға ресми сапары барысында жариялады.

Бұрынғы грузин Президентінің жаңа лауазымы туралы  ақпаратты өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Украинаның экология және табиғи ресурстар министрі Игорь Шевшенко бөліскен. Онда: «Тағы бір мерократ басшы болып тағайындалды. Михиал Саакашвили Одесса губернаторы болды!».

Украина жоғарғы радасының депутаты, Порошенко жақтасы Мұстафа Найм 29 мамыр күні өзінің twitter парақшасында, «Саакашвили ресми түрде Украина азаматы болды!» деп жазған.

Нұрзат Тоғжан  

Қатысты Мақалалар