Алматы облысында қарақшылықпен айналасқан қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлер төлем терминалдарын ұрлаумен айналысқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұрын түрмеде отырып шыққан 5 ер адам Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында 2019 жылдың наурыз-мамыр айларының аралығы 9 ұрлық жасады.
“Топ мүшелері – жас жігіттер. Үлкені – 28 жаста, ал ең кішісі 21 жаста. Барлығы Талғар ауданының тұрғындары. 9 жағдайда да төлем терминалдарын ұрлаған. Бірнеше ұрлық бейнекамераларға түсіп қалды. Олардың қоқысқа лақтырған 2 терминалы заттай дәлел ретінде іске қосылды. Жәбірленушілерге қанша шығын әкелгені есептелуде”, - дейді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.
5 күдікті де уақытша изоляторда отыр. Сотқа дейінді тергеу жүмыстары Талғар аудандық полициясының қолында. Сонымен қатар, күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бары тексерілуде.
Пікір қалдыру