«ЕКІ АНЫҚТАМА» қазақ көшін тоқтатты

/uploads/thumbnail/20170708181249391_small.jpg

Біздің редакциямызға белгілі қайраткер-ақын Ауыт Мұқибектен Қазақстан РеспубликасыҰлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың атына жазылған хаттың көшірмесі келіп түсті. Атажұртына оралуға ниетті қандас қазағымыздың уайым-мұңын арқалаған сол хатты біз жолма-жол жариялап отырмыз.

nurtai

Құрметті, Нұртай Әбіқайұлы!

Өзіңіз жақсы білесіз, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялай салысымен, көп өтпей, Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев бірден шеттегі қандастарын Атажұрт Қазақстанға шақырды. Елбасымыздың сол жылы 30 желтоқсанда Қазақ радиосының эфирінен:

«Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!» (30.12.1991ж) деген сөзі біздің құлағымызда әлі тұр.

Сол күннен бастап, Қазақ көшіәлемнің әр түкпірінен Алатау мен Сарыарқаныбетке алып шұбырды да отырды.

Арада келушілердің қатары сирей бастап еді, Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да:«...Қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындап алуымыз керек. Сондықтан, алдағы мақсат-міндеттерді бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн. Біріншіден, Парламентте «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралуда. Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа Заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тапсыруда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс. Бұл орайда бір нәрсені қаперде ұстаған жөн. Соңғы кездері белгіленген квота толмауда. Туған елге табан тіреймін, көшіп келемін деушілерге қашанда есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айтамын» (Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзі. 25.05.2011 ж.) деп, одан ары бекемдей түсті.

Тіпті,2013 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қандастарымызғатөрт жылсыз азаматтық берілмейтін Заң жобасына қол қойылып, арада небары бес ай, жиырма төрт күн өтпей жатып, 2014 жылы 4-мамырда:

«Қандастарымызға жол ашуымыз керек. Қазақтың жері кең. Орналасамын деген жерін өзі таңдасын. Оңтүстікте халықтың тығыздығын, ал солтүстікте аздығын да ескеру қажет. Келген жастар өз болашағын жасау үшін мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Осы орайда үкімет барлық жағынан қолдау білдіруі керек!» деп,Үкіметке қайтадан №1026 батыл тапсырма беруін – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі, алыстағы ағайынға деген зор қамқорлығы демеске еш хақымыз жоқ!

Сол Заң жобасы қазір Мәжілісте талқылануда. Қазірге дейін жеті бірдей отырысы өтті. Үкімет дайындаған жаңажобада қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына, қалаған өңіріне орналасуына барынша тиімділіктер қарастырылғанын ризалықпен атап өткім келеді.

Өкінішке орай, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысында көрсетілген «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартындағы «...3) оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат»және«...5) азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат;» деген ЕКІ АНЫҚТАМАНЫҢ өз заңнамаларына сәйкес Қытай Халық Респуликасынан келетін қазақтарға берілмейтіні бұл Заң жобасында мүлде ескерілмеген.

Соңғы төрт-бес жылда осы «ЕКІ АНЫҚТАМАНЫҢ» кесірінен келушілер қауырт азайды, Қазақ көші тоқтады десе де болады...

Егер, қазір Мәжілісте өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқан Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының «Көшіп келушілерге ҚР-датұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бастарту не оның күшін жою үшін негiздер» деген 49-бабының 2-ші және 9-шы тармақтарын алып тасамаса немесе өзгерістер енгізбесе, №111 қаулыдағы аталған ЕКІ АНЫҚТАМА қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруына, азаматтық алуына тағы кедергі болғалы тұр.

Нақтылап айтсақ, аталған 49-баптың 2-ші тармағынасәйкес,«сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған» және9-шы тармағына сәйкес, «ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған» көшіпкелушілерге Қазақстанда тұраты тіркеуге тұруға рұқсат берілмейді.

Бұл бір қарағанда жөн секілді. Отанымыздың қауіпсізді, тыныштығы, азаматтарымыздың бас амандығы үшін жасалған шара екені көзге ұрып тұр.

Дұрыс дейік!

Бірақ!

Егер, осындағы 2-ші тармақта көрсетілген «соттылық» бойынша қарасақ, жазатайым қылмыс жасап, жазасын құлантаза өтеп шыққан соң оралған қандастарымызды да тұрақты тіркеуге тұрғызбайды екенбіз. Мысалы, бір қазақ арақ ішіп отырып, «Менің Отаным – Қазақстан! Президентім – Нұрсұлтан Назарбаев! Қазақтар, кеттік Атажұртқа!!!» деп ұран салса, қылышынан қан тамып тұрған коммунистик жүйедегі Қытай билігі оны «Капиталистік елді, оның капиталист Елбасын аңсады» деп, кемінде бір жылға соттап жіберуі– мұнда тұрған ақиқат?!

Ертең сол бауырымыз Елге оралса, «Сен сотталғансың!» деп қабылдамай қойсақ, қалай болады?!

Тағы бір қызық әңгіме:бір елде қылмыс болып саналған жағдай екінші бір мемлекетте қылмыс болып есептелмеуі де мүмкін ғой. Ана бір жылы мемлекеттік сапармен Қазақстанға ат басын тіреген Кондолиза Райс ханымды күтіп алған қазақ азаматтары бір сергіп қайтсын деген болуы керек, Алматы облысы аумағындағы бір төбеге шығарып, қиқулап түлкі мен қоянға құс салған бүркітшілер өнерін көрсеткен. Қызыққа кенеледі деген АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысының көңіл-күйі сол жерде нілдей бұзылыпты. Бүркіттің аяусыз бүре түскенін көрген Кондолиза ханым: «Бұларыңыз барып тұрған қорлау!», – деп баға беріп, Америкасына аттанып кетіпті.

АҚШ-тың жануарларды қорғау Заңы бойынша, бұл – қылмыс, әрине. Қазақтың бүркітшілік салтын дәріптеймін деген ол елдегі қазақ та сотталуы мүмкін ғой. Елге көшіп келіп жатса, ол да тұрақты тіркеуге тұра алмай, кері қайтуы керек пе?!

Біз жақсы білеміз: осы екі тармақ енгізілген ҚР-ның 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына қолданысқа енуден бұрын Қытайдан осында оралған қандастарымыздың ішінде «соттылар» жетіп артылады. Мысалы, жазушы Жақсылық Сәмитұлы, Тұрсынәлі Рыскелдиев, Серік Қапшықбайұлы, Кәрім Әкірами. Мұндай кісілер неше жүздеп саналады. Кезінде бәрі Қытайда жүргізілген солақай саясаттың құрбаны болған, оңшыл-ұлтшыл деген айыппен сотталып, Тарым лагерінде жазасын өтеген болатын.Келгелі отырғандар да әлі көп.Сонда, мұндай адамдардан қандай қауіп төнбек елімізге?!

Ал, 9-шы тармақтағы«ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болғанға»келсек,мұндай қылмыскерлердің қай елдегі жазасы – өлім не өмірбақи бас бостандығынан айыру! Мақсат Үсенов құсап,BMW X6 маркалы көлігімен алты бірдей жүргіншіні қағып, бір адамды мерт қылып тастап, бостандықта тайраңдап жүретіндерге, менше, бізден басқа елде мүлде еркіндік жоқ! Ондайлар түрменің түбінде шіриді...

Қызығы сол – әлемнің ең дамыған жеті-сегіз елінің Көші-қон заңын тексеріп көрдік: ешбірінде мұндай бап жоқ. Өз қандастарын жаппай шақырып, қабылдап, азаматтық беріп келе жатқан Изра́иль, Германия, РесейЗаңдарынан да бұл тахылеттес бапты кездестіре алмадық. Тіпті, Тәуелсіздіктен кейін Елімізден өзге ұлт өкілдерінен қанша миллион адам өз Отандарына қоныс аударды, сол елдердің бір де біреуі келушілерінен Қазақстанда сотталғандығы жайлы осындай АНЫҚТАМАталап етпеген. Қажет болған жағдайда, құзырлы орындары өздері сұрау салып, тексерген...

Сосын, бір жарым миллион этникалық қазақ тұратын ҚХР-ның2007 жылы 1 қаңтардан бастап атқарылып келе жатқан«Төлқұжат беру тәртібінде» мынадай жеті түрлі санаттағы адамға шетелге шығуға мүлде рұқсат жоқ немесе шетелге шығу төлқұжаты берілмейді.

1) ҚХР-ның азаматы емес болса;

2) Өзінің кім екендігін дәлелдей алмаса;

3) Құжат алу барысында жалған документ жасап, алаяқтық істесе;

4) Сотталып, жазасын өтеуде болса;

5) Соттың толық шешімі шықпаған істі адамдар болса;

6) Қылмыстық іске қатысы бар деп, жауапқа тартылған күмәнді адамдар болса;

7) Мемлекттік құзырлы мекемелерде қызмет атқарған, шетелге шыққан соң мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді, зор залал келтіреді деп есептелсе.

Демек, біздің Заңмен тұрақты тіркеуге тұрудан шектелген адамды Қытай үкіметі онсызда шетелге шығармайды деген сөз!

Әлемді алаңдатып отырған қазіргі үлкен бір қауіп – дінни тероризм екені белгілі! Басқа елді білмеймін, атеистік бағытты ұстанған Қытайда бұл індет тамырымен қиылған деуге болады. Имамдары мәжбүрлі түрде орталық алаңға шығып, дүйім жұрттың алдында би билеп, «біздің іліміміз Аллахтан емес» деп ұран салған елден қандай діни қатер күтуге болады (http://www.nur.kz/355199.html?smart)?! Қысқасы, Қытайдың «дінни тероризмді» еркіндік аңсаған мұсылман ұлттарды тұқырту үшін ұрандататынын бұл күнде бүкіл әлем біледі.

 unnamed

Ұлтаралық қатынаста да шеттегі қазақтар үлкен мектептен өткен. Соның бәрін байқаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір кезде «Қазақ халқының бойындағы ұлттық қасиеттерінің бірі далалық кеңпейілділік, ақылға жүгінген шыдам мен сабыр болса, сіздер сол қасиеттерді көтеру арқылы өздеріңіз қазір тұрып жатқан елдердің саяси тұрақтылығына, ұлтаралық келісіміне өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер деп білем және сол үшін Сіздерге ақ алғысымды айтқым келеді. Қай жерге барсам да қазақ диаспорасы тыныштығымызды алып жатыр, ойбай, деген сөзді естіп көрген жоқпын. Бұл да ұлттық деңгейдегі естиярлықтың белгісі!» (2002 жылы Түркістанда ашылған Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы) деген болатын.

Құрметті Нұртай Әбіқайұлы!

Біз Сізді тәуелсіз Қазақ Елін өз қолымен құрған, бүкіл дүние жүзіне танытқан кемеңгер басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ең сенімді, адал серігі деп білеміз. Отанымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін саналы ғұмырын ат жалында, түйе қомында өткізіп келе жатқан өте білікті басшы деп бағалаймыз. Өзіңіз іргетасын қаласқан, жері болса кең, халық саны тым аз Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтыныңызға тіпті де сенімдіміз.

Жасыратыны жоқ, бұл кедергілерге қарап отырып, қазақ билігі шеттен келетінбар қауіп пен қатердіқандастарымыз ала келеді депойлап отырған жоқ па екен деген ойға қаламыз!?

Сіздей төрағасы бар құдыретті орган тұрғанда, бірен-саран «қылмыскер» кіріп кетеді деп қауіптеніп, қазақтың елге бет алған бүтін бір ұлы көштін доғарып қою, туысқандарымызды сарсаңға салу дұрыс емес, әрине. Қазақ көбеймесе, Елімізге одан да зор қауіптің тап-тап бергені, берген!

Аталмыш «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының14-бабында Сіз басқарып отырған Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті «көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі»деп, ашық көрсетілген.

Сондықтан Сізден«Халықтың көші-қоны туралы» Заңының49-бабында көрсетілген соттылығына байланысты 2-ші және 9-шы тармақтарды біржола алдырып тастауыңызды сұраймын. Оның орнына қауіпті адамдарды бұрынғыдай ҰҚК-нің дәлелді шешімдерімен тұрақты тіркеуден айыратын тармақ енгізуге ықпал етуіңізді өтінем.

Құрметпен,

Ауыт МҰҚИБЕК, Ақын

aut aka

«Дат» апталығы

Қатысты Мақалалар