Естуімше, Астанадағы қоғамдық көліктер аялдамаларды тек қана орыс тілінде жариялайтын болған көрінеді. Онысы, несі-ей?! Неге еліміздегі 130 ұлттың тілінде хабарламайды?! Пойыздың, ұшақтың келуін және кетуін, жалпы барлық ресми жиын Қазақстандағы 130 ұлттың тілінде жүргізілуі керек! Мысалы, Алматыда тұратын он қалмақтың екеуі Астанада жүруі мүмкін ғой. Ендеше, олардың құқығы неге бұзылуы керек? Көлік уақытынан кешіксе кешіге берсін, сағаттап тұрып күтсін, мейлі, жиналыс отыз күнге созылса да, адам құқығын құрметтей отырып Астанада ғана емес, елдің барлық өңірінде 130 ұлттың тілінде іс жүргізуді талап етемін! Ал, көнбесеңдер, бәрін қойып, Қазақ жерінде тек қана қазақша яғни, мемлекеттік тілде барлық іс жүргізілуге тиіс. Орыс тілін қимайтындарға айтарым,"жизнь невожможно повернуть назад"!
Қуандық Шамахай, Facebook парақшасынан