Форт-Шевченко қаласының әкімі тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өсер Тоқтағанұлы Тілепов 1989 жылы 1 желтоқсанда Маңғыстау облысының Таушық ауылында дүниеге келген.
2010-2011 жылдары "Хоум Кредит банк" АҚ - ның Ақтау филиалында маман, әрі қарай "Каспий Құрылыс сервис"ЖШС-де менеджер болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары Тілепов Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы міндетін атқарды.
2014-2017 жылдары Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, одан кейін осы елді мекеннің әкімі болды.
Айта кетейік, Өсер Тілепов Маңғыстау облысының ең жас әкімі болып табылады.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру