М.Шахановтың жаңа орынбасарлары тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708181415925_small.jpg

Алматы қаласындағы «Жалын» журналының редакциясында төрағасы Мұхтар Шаханов болып табылатын Қазақ Ұлттық Кеңесінің  жиыны өтіп жатыр. Кеңестің бір жылғы жұмысын қортындылап қысқаша сөйлеген Шаханов: «Көп нәрсеге көңілім толмады. Былтыр тағайындаған орынбасараларымның жұмысы ойдан шықпады. Сондықтан Қазақ Ұлттық Кеңесінің жетекшілерін жаңадан бекітуге рұқсат етіңіздер. Енді төраға орынбасаралары болып: Жанұзақ Әкім, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Еркін Рақыш, Дәурен Бабамұрат  тағайындалады. Расул Жұмалы Кеңес аппаратының басшысы, ал, оның орынбасары Ғабиден Жәкей болады.  Мен осы жастардың ел үшін тер төгіп қызмет жасауына жол ашқым келеді», - деді. Жоғарыда аталған азаматттармен бірге Қазақ Ұлттық Кеңесіне мүше болғандар мына жайттарды шұғыл түрде күн тәртібіне қою керек деп уағдаласты: -       Конституцияға өзгеріс енгізіп, қазақ ұлтының конституциялық құқығын нақтылау қажет; -       Мемлекет басшысы мен биліктегі тұлғалардың қай жерде, қандай ортада міндетті түрде мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс екендігін айқындайтын талапты нақтылау керек; -       Соттардың халыққа есеп беретін жауапкершілігін қалыптастыру керек; -       Еуразиялық экономикалық одақтың құрамынан бас тарту керек; -       БАҚ, соның ішінде, әсіресе, телеарналарды ұлттандыру керек; -       Байқоңыр ғарыш айлағының айналасында болып жатқан халықтан құпия келіссөздерді анықтап, экологиялық проблемаларды тоқтау керек.   Әзірге жиын осы керектердің қатарын түгендеп, сол керектерді хаттау жұмысымен отыр. Ұсыныс тілектеріңіз болса, жолдай беріңіздер. Ең бастысы – Ұлттық Кеңес ұйысып жұмыс істеуге шындап кірскенін мәлім етті.   Abai.kz

Қатысты Мақалалар