Алматы облысы әкімі бір жылда 19 миллион теңгеге жуық табыс тапқан

/uploads/thumbnail/20170708181610173_small.jpg
«Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және оның орынбасарлары өз кірістерін жариялады, деп хабарлайды Bnews.kz.

2014 жылы өңір басшысы Амандық Баталов 18 миллион 778 мың теңге табыс тапты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына 2014 жылдың қыркүйек айында тағайындалған Махаббат Бигелдиевтің кірісі – 5 млн 644 мың теңге. Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің табысы - 13 млн. 814 мың теңге. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың кірісі 4 млн 983 мың теңге. Ол бұл лауазымды 2014 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев 13 млн. 530 мың теңге табыс тапқан. Өткен жылдың қарашасында облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Бақтияр Өнербаев 2 млн 256 мың теңге табыс тапқан.

   

Қатысты Мақалалар