Фильмге атақты Созақ көтерілісі кезіндегі бір отбасының басынан өткен қасіреті арқау болған. Мұнда осы бір үйдің алты баласы ажалмен бетпе-бет келеді. Режиссер бұл арқылы күллі қазақтың сол кездегі азапты күндерін көрсетуге тырысыпты. 1930-1933 жылдардағы қаралы шежіреден сыр шертетін фильм тарихи шындыққа негізделген. Ал онда басты рөлдерді белгілі актерлер Райхан Айтқожанова, Ержан Жарылқасын және Асылхан Төлепов сомдайды. Фильм туралы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің, Сәбит Әбдіхалықовтың пікірлерін төмендегі видеодан көре аласыздар... http://youtu.be/MUzpC3i0Fsw