Думан Рамазанға таңырқап отырмын

/uploads/thumbnail/20170708181921669_small.jpg

Жазушы Думан Рамазан мырзаның жөн-жосықсыз, байлам-бағдарсыз ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға шүйлігіп, бүкіл елді дүрліктіргеніне таңырқап отырмын. Өзіне тікелей хабарласып, себебін сұраудың орнына, шоу жасап, тақырыбын айғайлатып қойып, тура бір халық жауын тапқандай аттандағанына қарап: "Өз мүддесі үшін аянбайтын ерлер 37 жылдармен бітпепті ғой" деген ойға келдік. Ең соңында келістік, түсінбестік болыпты дейді. Сол түсінбестіктің алдын алу үшін жалпақ жұртқа жария салу керек пе еді? Әуелі, осы бізде драматургияның да науқандық шараға айналып бара жатқанына қынжыламын. Мүшәйраларды пәленше жылдықтар мен мерекелердің құрметіне арнап, хас өлеңнің қадірін қашырып едік. Енді сол дерт драматургияға да жетіпті. "Қазақ хандығының 550 жылдығы" деген желеу жақсы болды. "Керей-Жәнібек", "Қабанбай-Бөгенбай", "Шапырашты Наурызбай" деп ат қойыңызда, диалогтардан тұратын 20 беттік пьесаңызды жөнелтіңіз (Біздің көптеген әдебиетшілер дрматургияны диалогтардың тізбегі деп түсінеді). Сосын аттандаңыз, менікін қоймай жатыр, қазақты қорлап жатыр деп. Шын драматургия уақыт иіріміне малтықпайтын болуы керек. Тарихи оқиғаларды сахналау, көркем сөз жүлгесіне түсіру әдебиет емес, қайта тарихи оқиғалардан туындаған болмысты, оның бүгінге ықпалын көркем мәтінге айналдыру - әдебиет! Біз тарихи оқулықтардағы деректерді жинақтап, көркем шығарма жаздық деп жүрміз. Әдеби сананың әлі де кеңестік кеңістікте тұрғандығының бір көрінісі осы. Біздегі тарихи шығармалардың тақырыбына қарап-ақ, не айтқысы келетінін біліп тұрасың...

Тоқтарәлі Таңжарық, facebook

Қатысты Мақалалар